Мұражайдың негізгі мақсаты- студент жастар арасында Бірінші Президенттің тұлғалық және саяси ұстанымдарын насихаттау, ҚР Бірінші Президентінің үлгісінде патриоттық сезім және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жастардың азаматтық сана-сезімдерін арттыру, жастар арасында толеранттылық идеяларын жүргізу.
Іле Алатауының көркем шатқалы Үшқоңыр бейнеленген баннердің аясында бейнеленген «Атамекен» экспозициясы Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің алғашқы өмір кезеңімен танысуға мүмкіндік береді. Суреттер және архивтік құжаттар Н.Ә.Назарбаевтың туған жері, отбасы, балалық шағы, мектеп кезеңі туралы айтады.
«Еңбек жолының басталауы» Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолы мен саяси мансабының басын көрсетеді. Ұсынылған экспонаттар келушілерді Теміртау қаласындағы металлургия заводындағы қызметі және Днепродзержинск тау-кен учищилищесіндегі оқуы кезеңімен таныстырады.
«ҚарПТИ-да оқу» -бұл экспозиция Н.Ә.Назарбаевтың біздің ЖОО-да оқыған жылдарымен таныстырады. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі білім алған жылдары.
Н.Ә.Назарбаев Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл білім алып, одан кейін Теміртауда жаңа құрылған Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы «Завод ВТУЗ» -ға ауыстырылып, оны инженер-металлург дипломымен аяқтады. Н.Ә.Назарбаевтың ерекше тұлғалық қасиеттері және фундаменталді жоғары білімі оның адам өмірінің саяси, экономикалық және өндірістік көптеген салаларын жетік меңгерген, болашақ Президент, елбасы ретінде қалыптасуының негізі болды.
Мұражай 100 –ден аса суреттер мен құжаттар видеосы сақталған электрондық киоск және әр экспозиция аталмыш экспоцияның кезеңіне сай келетін суреттері бар фотожиектемелермен жабдықталған.