XX ғасырдың үздік ғалым-геологы, көрнекті қоғамдық және мемлекеттік қайраткері, геологиялық-минераолгиялық ғылымдарының докторы (1942), профессор (1950), КСРО Ғылымдар Академиясының Гелогиялық ғылымдарының институтының Қазақ филиалының бірінші директоры (1941-1964), осы Филиалдың Президумның төраға орынбасары (1942-1946), Қазақ ССР Ғылым Академиясының Президенті (1946-1952) және (1955-1964), Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі (1946), КСРО Ғылым Академиясының акадмигі (1946), КСРО Ғылым Академия Президиумның мүшесі (1961-1964), КСРО геологтардың ұлттық комитет төрағасының орынбасары (1957-1964), Тәжікістан Ғылым Академиясының мүшесі (1951), Қазақстан ОК Компартиясының мүшесі (1949), КСРО Жоғары Кеңестің депутаты, КСРО Жоғары Кеңес ұйым кеңесінің төраға орынбасары (1962-1964), Мемлекеттік (1942) және Ленин (1958) премияларының лауреаты.
Қ.И.Сатпаев- бұрынғы Совет Кеңесінің ғана емес, өткен ғсырдың ұлы адамдарының бірі болып табылады, ол өз еңбегімен Қазақстанның геологтар мектебін құрып, басқарып, геология ғылымының дамуына үлкен үлес қосты.
Қазақстаннан осындай жоғары деңгейге қазақтардан әлі ешкім көтерілген жоқ.
Н.Ә.Назарбаев.
Қаныш Имантайұлы Сатпаев 1899 жылы сәуір айының 12-сі Семей облысының, Павлодар уезінде (қазір Павлодар облысының Баянаул районы, Теңдік ауылы) дүниеге келді.
Жігіттің мамандық таңдауына Томсктан Баянаулға 1921 жылы емделуге келген профессор Михаил Антонович Усов әсерін тигізді. Ол Қ.И.Сатпаевта туған жерінің кендерін зерттеуге, оны Отанға және адамдарға беруге құшатрлығын оятты. Кейін Қ.И.Сатпаев жазды: «Маған социалістік индустрияны көтеруге үлкен құрмет көрсетілді…Қазақстанда алдыға басарлық ғылым құру».
1926 жылы Қ.И.Сатпаев Томск технологиялық институтын сәтті бітіріп, тау-кен инженер-геолог дипломы бар бірінші қазақ болып, халық шаруашылықтың Орталық Кеңесіне жіберілді.
Қ.И.Сатпаев “Атбасцветмет” тресінің геологиялық бөлімін басқарды. Оның алдына үлкен міндет қойылды – Жезқазған-Ұлытау районында пайдалы қазбалар қорларының жоспарлы анықтау бойынша бірінші стационарлық гелогиялық барлау жұмыстарын жүргізу. Жезқпазған қорларын қарапайым деп есептген ағылшындар мен СНК-дағы Геологиялық Комитеттен айрықша Сатпаев осы аймақта кендердің үлкен қорлар бар болғанында күмәні болған жоқ.
1932 жылы Қ.И.Сатпаев бірінші ғылыми монография «Жезқазған мыс кендерінің аймағы және оның минералды қорлары» жариялады. Сол уақытқа қарай Жезқазғанда СНК-дағы Геологиялық комитеттің қызметкерлері мен ағылшын мамандары айтқандай 60 мың тонна емес, 2 млн.-нан астам мыс бар екені анықталды. Ол Қ.И.Сатпаевтың ғылыми болжаудың дәлелі болды
1934 жылы КСРО Ғылым Академиясының сессиясында Қ.И.Сатпаев «Мыс, көмір, марганец рудалары және Жезқазған-Ұлытау ауданының басқа пайдалы қазбалары» баяндамасымен сөз сөйледі, бұл баяндамада Жезқазған кен орнының және барлық ауданның үлкен перспективалары жан-жақты негізделген.
1937 жылы барланған мыс кендері Жезқазғанды әлемдегі ең үлкен кен орны деп атауға және осы жерде тау-кен кәсіпорынды салуға мүмкіндік берді. 1938 жылы ақпан айының 13-і Наркомтяжпромның Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинат слау жөнінде бұйрығы шықты.
1941 жылы Қ. И. Сатпаев КСРО ғылым академиясының Қазақ филиалының Геологиялық институттың директоры болып тағайындалды, бір жылдан кейін ол осы бөлімше – Республиканың болашақ Ғылым Академиясының жетекшісі болды.
1943 жылдың күзінде Қ. И. Сатпаев ғылым дамуы мен үлкен ғылыми жетістіктері үшін КСРО Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болып тағайындалды. Сол жылдары ол Қазақстан Магниткасының, Балқаш және Атасу тау-кен комбинатының жобалау мен құрылысына ерекше көңіл бөлді.
1946 жылдың маусым айында Қ.И.Сатпаев Қазақстан Ғылым Академиясының бірінші Президенті болып тағайындалды. Сол жылдың қазан айында ол КСРО Ғылым академиясының акадмигі болып тағайындалды.
К.И.Сатпаевтың бастамасы бойынша Республикамыздың ірі өнеркәсіптік аудандарында Өскемен,Атырау,Қарағанды,Жезқазған,Қостанай қалаларында Ғылым Академиясының шығу сессиялары өткізілді. Ядролық физика, математика және механика,гидрогеология және гидрофизика,химиялық мұнай,табиғи тұз,химико-металлургиялық,тау-кен-металлургиялық,ихтиология мен балық шаруашылығы,тәжірибелік биология,экономика,философия мен құқық,әдебиет және өнер, тілтанудың жаңа академиялық институттары ашылды. Энциклопедиялық білім Президентке үлкен ғылымның осы орталықтарын құруда жеке қатысуға мүмкіндік берді. Ол Манғышлақ түбегінің табиғи қорларының кешенді зерттеуін, көмір, мұнай, газ, қара металлургия кендерін зерттеулерін басқарып, Ертіс-Қарағанды каналының құрылысын белсенді қолдады.
Ол Қазақстандағы металлогения мектебін ашып , басшылық етті. Оның формациондық металлогендік анализінің кешенді амалы геолгогиялык ғылым мен тәжірибе дамуының негізі болды. 1958 жылы дүние жүзілік гелологиялық тәжірибиде ұқсастығы жок Орталық Қазақстанның металлогендік болжамды картасының методологиялық негізін құрау үшин Сатпаев басшылығымен қазақстандық геолог ғалымдар тобы Лениндік сыйлыққа ие болады. Бұл жұмыс дүние жүзіне қазақстандық ғалымдар мен Сатпаев мектебінің рөлін көрсетті.
Мемлекеттің көрнекті ғалымы, ол Қазақстанның ғылымын шетелге де таныстырды. 1947 жылы КСРО Жоғары Кеңес делегация құрамында Англияға барып, мемлекет ғалымдарын лайықты түрде таныстырды. Советтік Парламент тобының мүшесі ретінде Уинстон Черчиллмен, Англия премьер-министрі Эттлимен қабылданды. 1958 ж. Қ. И. Сатпаев өкілдік делегация құрамында Қытайда болып, ҚХР геологиялық конференция жұмысына қатысты. Ол Лениндік төрт медалі мен Ұлы Отандық Соғысының орденімен марапатталып, КСРО және қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Академик Қ. И. Сатпаев 1964 жылы, қаңтар айының 31-і қайтыс болды, Алматыжа жерленді. Қарағанды облысындағы қала, ҚР Ғылым Академиясының Геологиялық ғылымдарының Институты, Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты, Торпақ жұлдызындағы кіші планета, мұздық және Жоңғар Алатау шыңы Қ. И. Сатпаев атымен аталды, геологтар минералдардың бірін-Сатпаевит, гүлдер сортын атады. Қазақстанның сегіз ірі қалалары, сонымен қатар Семей өз көшелеріне академик атын берді. Мәскеуде Революция Мұражайында, Томск политехникалық институтында және ҚазССР ҒА геологиялық ғылымдарының инситутында Сатпаев бұрышы құрылып, Алматыда, Сатпаев тұрған үйде ескерткіш тақтасы орнатылды.
Қазіргі кезде жаратылыс ғылымдар саласында үздік табыстар үшін оның атындағы ҚР ҒА премиясы негізделіп, Қ.И.Сатпаев Халықаралық Фонды құрылды.
1999 жыл — ЮНЕСКО-мен Қаныш Сатпаев жылы деп аталды.
Ол өзінен кейін үш үлкен іс қалдырды; біріншісі – Жезқазған, екіншісі – Қазақстан Ғылым Академиясы, үшіншісі – геологиялық ғылымдарының институты. Осы жерлердің бәрінде қазақ халқының қадірлі ұлының, ғылым, геолог Қ.И.Сатпаевтың ісін жалғастыратын жүз шақты адамдар тұрып, жұмыс істейді. Жылдар өтеді, жаңа ғалымдар болады, бірақ Қазақ Ғылым Академиясының бірінші жетекшісі туралы игі естелік көпке сақталады.
Абылқас Сағынұлы Сағынов сұхбатынан «Индустриалды Қарағанды» газетінің корреспонденті Наталья Рожковаға, 26.12.2005 ж.
«Өндірістік өмір мені көпке үйретті. Осы кезде мен Қаныш Имантайұлы Сатпаевпен алғаш рет кездестім. Ол кемелі жасында болған. Мен кандидаттық диссертацияны аяқтағанда, маған оппонент керек болды. Қорғау Алматыда болды. Маған Сатпаевқа баруға кеңес берді, себебі тек ол ғана бұл сұрақты шеше алды. Осылай мен алғаш рет академик және Қазақстан ҒА президентімен кездестім. 1951 жылы ол үлкен жаста болды. Қаныш Имантайұлы менен қайда туғанымды, оқығанымды толығырақ сұрады. Днепропетровск туралы білгенде «Қалайша алыс бардың!» деп таң қалды. Барлық мәселелерді академик кешікпей шешті. Менде ол туралы тек жақсы әсер қалды. Ол – белгілі жағдайда істің мысалы, менің азаматтық және кәсіби қалыптасуыма әсер етудің мысалы».