ҚР ҒҰА және АЕН академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, Социалистік Еңбек Қаһарманы, 1955-1987 — ҚарПТИ ректоры. Сағынов Әбілкас Сағынұлы
Сағынов Әбілқас Сағынұлы 1915 жылы Павлодар облысының Баян-Аул селосында дүниеге келді. Өзінің еңбек қызметін Сағынов Әбілқас Сағынұлы 1931 моторист қызметінде «Прибалхашстрой» Өспен трест кенінде бастады. Келесі жылы ол Қарағанды тау-кен техникумына түсіп, қазақ студенттерімен біоге Артем атындағы Днепропетровск тау-кен институтына жіберіледі. Институтты бітірген соң 1948 жылға дейін Ә.С.Сағынов Қарағанды көмір бассейнінде учаске бастығы, бас инженер , шахта директоры, көмір трест техникалық бөлім жетекшісі қызметтерін атқарды. 1948 -1951 жж. аралығында Қарағанды ауданының Госгортехнадзор Басқармасының басшысы, «Карагандауглеразрезы» трестінің бас инженері болып жұмыс істеді.
1951 жылы Ә.С.Сағынов техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуге «Қарағанды бассейн төмен және орташа күштегі қыртысының өңдеу әдістерінің қазіргі жағдайы, оның саралауы және даму перспективалары» тақырыбына диссертацияны қорғады.
1951 жылы Ә.С.Сағынов Бүкіл одақтық ғылыми-зерттеу көмір институтының Қарағанды филиалының директоры болып тағайындалып, 1952 жылы оның басшылығымен Қарағанды ғылыми – зерттеу көмір институтына өзгертілді.
1955 жылы Ә.С.Сағынов Қарағанды тау-кен институтының, 1958 жылы Политехникалық болып өзгертілген институттың директоры боды. Ректор қызметінде 33 жыл жұмыс істеп, сонымен қатар сол уақытта Пайдалы қазбалар кен орындарын дамыту кафедрасын басқарды.
1958 ж. — Профессор атағы берілді.
1961 ж. —Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып тағайындалды.
1970 ж. — Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі болып тағайындалды.
1971 жылы жоғары білім дамыту мен халық шаруашылығына кәсіби мамандарды дайындағаны үшін Ә.С.Сағыновқа «Орақ пен Балға» алтын медалі, Ленин ордені мен Социалістік Еңбек Қаһарманы атағы берілді.
Тау жыныстары механика бойынша жұмыстары үшін Ә.С.Сағынов авторлық ұжым құрамында 1974 жылы ғылым және техника саласында Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1987 жылы оған авторлық ұжымның құрамында «Қазақ ССР өндірісінің құрылыс және тау-кен салаларында соққы әсеріндегі гидравликалық машина жасау мен теориясын дамыту» жұмысының жетекшісі ретінде Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Оның ғылыми басшылығымен 50 кандидаттық және 11 докторлық жұмыс қорғалды.
1993 жылы Қарағанды Халық депутаттарының қалалық Кеңесінің шешімі бойынша ғылым мен техника саласына үлес қосқаны үшін, Қарағанды көмір бассейнін дамыту мен мен халық шаруашылығына кадрларды даярлағаны үшін Ә.С.Сағыновқа «қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Оның КСРО халық қызметінің және республиканың дамуындағы еңбегі, жоғары білім мен ғылым үшін үкіметтік сыйлармен – алты орден мен медальдермен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Бұйрығымен 1995 ж. желтоқсан айында Ә.С.Сағыновқа «Қазақстан Республикасының ғылым және техника еңбегі сіңген қыхметкері» атағы берілді.