Пивень Геннадий Георгиевич 1945 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді.
Техника ғылымдарының докторы (1986 ), профессор (1988), ҚР жаратылыс ғылымдар Академиясының академигі (1996), ҚР Инженерия академиясының академигі (1997), ЖМ МҒА корреспондент-мүшесі (1995). Қарағанды политехникалық институтын 1967 жылы «Мшина жасау, метал кесетін станоктар мен құралдардың технологиясы» мамндығы бойынша бітірді. Машина жасау зауытында жетекші инженер – технолог болып жұмыс істеп, кейін 30 жылдан аса Қарағанды политехникалық инситутында ассистенттен профессорға дейін жолын өтті.
1971 жылы Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға диссертацияны қорғады. 1971 – 1983 аралығында Теориялық механика кафедрасының доценті болып жұмыс істеді. 1983 жылдан машина жасау технологиясы кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1986 жылы Қырғыз СРО ҒА Автоматика институтында техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болу үшін диссертацияны қорғады.
Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Тау-кен машиналардың гидрокөлемді күш жүйелерінің құрылымдық-параметрикалық анализі мен синтезі».
1994 жылы – Қарағанды политехникалық институтының ректоры.
1996 жылы – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры.
Ғылыми зерттеулердің негізгі аймағы машина жасау қиындықтарымен тығыз байланысты.
Тау-кен машина жасау және күрделі жүйе динамикасын модельдеу саласында 3 монография, 60-тан аса ойлап табуға авторлық куәліктер, 190-нан аса ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің және «Қазақстан Республикасында машина жасау кешен дамуына болжам жасау» интеллектуалдық меншік объектіне куәліктің иегері. Профессор Пивень Г.Г. ҚР ауылшаруашылығының көп салаларында кең таралған тау-кен машиналардың гидрокөлемді күш жүйесінің жаңа классын жасауға теоретикалық негіздер құрды.
Жетекшісі болған прфессор Пивень Г.Г. машина жасау кешен болжам жасау Республикалық орталықпен ғылыми маңыздылық және тиімділік бойынша ерекше зерттеме топтамасы жасалды.
Пивень Г.Г. – докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау бойынша Арнайы Кеңес мүшесі, 16 инженерлік мамандық бойынша оқу-әдістемелік қауымдастық Кеңесінің төрағасы, «Информатика және автоматика» журналының бас редактры, «Қазақстан жоғары мектеп жаршысы» журналының редакциялық коллегиясының мүшесі, ҚР Ғылым Инженерлік академиясының Қарағанды филиалының төрағасы, Қазақстан, Орал, Сібір, Өзбекістан, Қырғызстан, Тәжікістан техникалық ЖОО қауымдастығының президенті болып келеді. Оның кеңінен таралған атағының айғағы оны ҚР Жаратылыс ғылым академиясы және Инженерлік академиясының мүшесі ретінде тағайындауы болып табылады.
ҚР халық білімінің үздігі, ВДНХ КСРО медалімен, «Лауреат НТТМ» белгісімен, ВДНХ КазССР дипломы мен Мадақтау қағазымен, ҚР Білім Министрлігі мадақтама мен мақтау қағаздарымен марапатталған.