ҚарМТУ-да Н.Ә. Назарбаевтың оқу жылдары
(ҚарМТУ мұражайының тарихи құжаттары бойынша)
Университеттің тарихи мұражайында ҚР Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайында қызықты мәліметтер көрмесі безендірілген. Ерекше көңіл болашақ Президенттің студенттік жылдары мен еңбек жолының бастамасына бөлінген.
Абай атындағы орта мектебінің оныншы сыныбың бітірген соң (Алматы облысының Қаскелен селосы) Назарбаев Н. «Ленинская сиена» республикалық жастар газетінде ОК комсомолдың жігіттер мен қыздарға Қазақстан Магниткасын көтеруге үндеуін оқығанда, ұсынысты қабыл алуға барады. Теміртау,а келу үшін Нұрсұлтан Алматының бір банкінде күзетші болып жұмыс істейді. Жұмыстан тапқан ақшаға ол туған Шамалғаннан Теміртауға жетеді. 1958 жылдың қыркүйек айында үмітті жұмыскер Украина ССР Днепродзержинск қаласының техникалық училищесіне Қарағанды металлургиялық зауытына- домна пешінің көрікшісі қажетті болған, металлургиялық мамандығын игеру мақсатымен жіберіледі.
Училищеде оқу көп уақыи алды, алайда Назарбаев Н.Ә. училищенің қоғамдық өміріне белсенді қатысады- екі рет комсомол комитетінің мүшесі болып тағайындалып, жоғары кәсіби жұмыскерлерді дайындау сияқты студенттердің алдында тұрған міндет сияқты шеше алатын жастардың білікті ұйымдастырушысы ретінде Днепродзержинск қаласының комсомол қалалық комитетінің мадақтау қағаздарымен екі рет марапатталды. Табандылық, жігерлілік оған таңдалған мамандық бойынша барлық оқу пәндерін өте жақсы меңгеруге мүмкіндік берді
Бітіруші біліктілік емтихандарын «өте жақсыға» тапсырған соң және домна пешінің сегізінше разрядты екінші көрікшісінің куәлігің алған соң Назарбаев Н.Ә. 1960 жылы Теміртау қаласында жоғары білікті жұмыс кадрлары мен сабақтас мамандықтар дефициті болған Қарағанды металлургиялық зауытына қайта оралады. Бұл үшін Назарбаев Н.Ә. шойын құю машинасының құюшысы мамандығын игеру қажеттілігін тудырады, бұл жерде ол адалдық, тәртіптілік және еңбекқорлық сияқты өзінің айрықша қасиеттерін көрсетеді.
Білімге деген құштарлық, металлургия саласында білімдерін толық игеру ықыласы Н.Ә.Назарбаевтың жоғары оқу орнында оқуға қажеттілігін тудырады. Қарағанды металлургиялық зауытында инженерлік кадрларың жетіспеушілігі болғандықтан және жас, первспективті жұмыскердің еңбекқорлығын біліп, оны зауыт есебіне айлық стипендия төлеумен Қарағанды политехникалық институтқа жібереді.
Сол жылдары Қарағанды политехникалық институты тез дамып, А.С.Сағыновтың жетекшілігімен өсіп, жоғары білікті мамандарды дайындауды міндет қылған республиканың жетекші техникалық ЖОО-лардың бірі болды.
60-шы жылдары инженерлік кадрларды дайындау жүйесі сол кезде болған жүйеден ерекше болды. Нұрсұлтан Назарбаев Теміртауда тұратын студенттерден ҚӨ-62-2 (қара және түсті металдардың құю өндірісі) тобына қосылды, ал ҚӨ-62-1тобында қарағандылықтар болды.
Сол уақытта барлық техникалық ЖОО-лар оқу мен өндірістік еңбектің үйлестіруіне өтті. Оқыту «ДВ» жүйесі бойынша өткізілді – студент өндірісте оқып, сол уақытта 1,5 жыл ішінде институтта оқыды. Осындай жүйе мамандықтың тәжірибелік жағын игеруге мүмкіндік берді. Институтта оқу және жұмыс істеу өте қиын болды. Назарбаев Н.Ә. еске алады: «… көрікшінің еңбегі деген не?… – скрапты жару үшін ауыр сүймен, және оны шығару үшін үлкен күрек. Ішінде – тозақ, температурасы екі мыңға жуық. Газ, шаң. Жүктеме үлкен. Жиі оттың қасында болып, ауысым ішінде жарты шелек суды ішіп, сондай мөлшерде сенен су ағады. Көбісінде ыстық пен көп жүктеме салдарынан мұрындары қанады…». Ауыр, қалжырататын жұмыс пен институттағы оқу барлық студенттердің шамасынан келген жоқ, бірақ тәжірибелі тәлімгерлер – оқытушылар жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлауды қамтамасыз ету үшін барлығын істеді.
Механика-технологиялық факультеттің деканы құю өндірісі кафедрасының жетекшісі Евгений Иванович Шевцов, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды, оны Н.Ә.Назарбаев кейінен жоғары қызметте болғанда өзінің оқытушысы деп атаған.
Болашақ Президентті байсалдылық, адалдық, достық өзара көмек, сендіру іскерлігі мен анализ бен дәлелдеменің ерекші қабілеттілігі. Оқу топтарындағы досшыл жағдайда білім және өмірлік тәжірибе бойынша мықты студенттер, әлсіз және жастарға көмектесуге жағдай жасады.
Н.Назарбаевтың қоғамдық өмірдегі белсенді қатысуы спорт жарыстарында көрсетілген: факультет пен институт үшін футбол, баскетбол, фолейбол, үстел теннис бойынша топтық ойындарға қатысу, сонымен қатар ол жақсы боксшы болды.
Студенттік құрылыс тобында ол бригадир болып объект құрылысын басқарды. Оның аналитикалық ақылы, жинақтау қабілеті, дербес факт арқылы бүтінді көру сол кезде оны құрбылардың жалпы тобынан ерекше көрсетті. Сондықтан да Нұрсұлтан құрбылар ішінен құрмет тұтты, сонымен қатар оның шешімі ойланылған және дәйекті болды.
Сол жылдары болашақ Президенттің ерекше жеке сапалылығы көрінді. Бір жағдай болды. Студенттік құрылыс тобының бригадирі болып және «Балықтыгүл» совхозында объект салғанда Назарбаев Н.Ә. өзінің құрбыларының жағдайын ойлап, құрылысты бүкіл қажетті құрылыс материалдармен қамтамасыз етті: кірпіш, құм, цемент және т.б., сол кезде бұл өте қиын болды. Бұл материалдарды жабдықтайтын ұйымдардан алу керек болды. Оның жетекші ретіндегі қаттылығы мен жігерлілігі арқасында объект құрылысы уақытында және жоғары сапалы болып аяқталды. Оны барлық құрбылардан бірінші ретінде оның мақсаттылығы, табандылығы, өзіне деген жоғары талап қоюшылық, жаңаға деген құштарлық, басталған істі аяғына жеткізу сол жасында тәжірибелі адамдар көшбасшы ерекшеліктерін көріп, оның үлкен болашағына болжам жасады.
Әсіресе «КПСС тарихы», «Диалектикалық материализм», «Философия», «Саяси экономия» сияқты қоғамдық пәндер оған оңай болып, оларды тек «өте жақсы» бағасына тапсырды. Ол аудиторияны жақсы сезе білді, әңгіме тақырыбын жақсы біліп, диалогтарды қызыты өткізе білді. Дәлелдеу логикасы бойынша ешкім онымен теңесе алмады.
Назарбаев Н.Ә. Қарағанды политехникалық институтында 3 (1962-1965) жыл оқыды, оның Теміртаудағы құрылған «ЖТУзауыты» қайтып келуіне дейін, бұл оқу орнында ол инженер-металлург дипломын алды.
Ерекше жеке сапалылығы және Н.Ә.Назарбаевпен алынған фундаменталды жоғары білімі оның болашақ Президент ретінде жеке тұлға ретінде, адам қызметіғ саяси, экономикалық және өндірістік саласында мемлекет басшысы ретінде қалыптасудың ірге тасы болды.