переход на русский язык переход на английский язык
Лазуткин Александр Григорьевич

Лазуткин Александр Григорьевич

1987 – 1994 жж.

ҚР ҒҰА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор. ҚарПТИ ректоры

Лазуткин Александр Григорьевич 1935 жылы Пенза блысында дүниеге келді.

1953 – 1956 жж.аралығында Кривой Рог Тау-кен институтында оқыды. 3 курс оқып бітірген соң, Лазуткин А.Г. 1956 жылы Днепропетровск тау-кен институтына ауысты, оны 1958 жылы «Тау-кен механигі» мамандығы бойынша бітірді. ДТИ бітірген соң Қарағанды қаласында жұмыс істеуге жіберіледі.

Еңбек қызметін 1959 жылы Жаңа Қарағанды машзауытында бастады. Машзауытында 3 жыл инженер –құрастырушы, цех басшысы болып жұмыс істеді. 1962 жылы ҚарПТИ-ға аға оқытушы болып, оқытушылық қызметіне ауысады.

1963 жылы аспирантураға түседі.

1967 жылы кандидаттық диссертацияны қорғап, «Тау-кен машиналар» кафедрасында техника ғылымдарының кандидаты ретінде жұмысын жалғастырады.

1971 жылы – Ғылым жұмыс жөнінде проректор, сол уақытта «Тау-кен машиналары» кафедрасын басқарады.

1980 жылы т.ғ.д. ғылыми дәрежесіне ие болады.

1981 – профессор қызметі.

1987 -1994 жж. ҚарПТИ ректоры.

А.Г.Лазуткин 1112 өнертабыс авторы, 205 ғылыми жұмыс, бірлескен авторлықта 4 монография жарияланған.

Ғылыми зерттеудің негізгі аймағы «Пайдалы қазбалар өндірудің бар тәсілдерін дамыту». Робототехника бойынша Республикалық Кеңесінің Мүшесі. 25 аспирант дайындады.

Марапаттары:

25 қантар күні 1994 жылы Владимир политехникалық университетінің Муромск филиалына ауысу бойынша жұмыс орнынан кетті.