(1891 — 1970)
Ғалым және мемлекеттік қайраткер
Біздің қаламыздың тұрғындары заң бойынша көрнекті жерлестің атымен- өз өмір жолында санаусыз апаттарға кезіккен Қазақстан Республикасының қалыптасуына көп үлес қосқан ғалым мен мемлекеттік қайраткермен мақтан тұта алады. Ол туралы естігендер, білгендер саны аз. Тарихшылар ол туралы ештене айтқан жоқ. Тек қана математиктер Қазақстандағы математика сұрақтарын, математикалық білім мен ғылымын зерттегенде, Ермековтың тегіне көп рет кезіккен.
Әлімхан Әбеуұлы Ермеков 1891 жылы Ақтоғай ауданының Бөріктас ауылында дүниеге келді. Қарқаралы қалалық училищесінің үш классын сәтті бітірген соң, 1905 жылы Семей ерлер гимназиясына түсіп, 1912 жылы алтын медальмен бітірді. Кейін аттестат конкурсы бойынша Томск технологиялық институтына түсті, мында оның бүкіл өміріне әсер ететіндей Г.Н.Потанинмен кездесу болды.
1917 жылдың Қазан оқиғалары кезінде Әлімхан Ермеков бесінші курста оқып жүретін. Бұл оқиғалар оған оқуды жалғастырмай тастап кетудің басты себебі болды.
1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда «Алаш» партиясының Бүкілқазақстандық съезді өтті. Бұл съезде «Алаш-Орданың» бас төрағасы ретінде Әліхан Бөкейханов болып тағайындалды. Құрамына басқа алдыңғы қатарлы ұлттық интеллигенциямен бірге Әлімхан Ермеков та кірді. Оның халқы бейбітшілік пен тәуелсіздікте өмір сүруі үшін, тек оған тән мақсаткерлікпен қолына келгенін істеді.
«Алаш-Орданың» қозғалысы көп жылдар бойы контрреволлюциондық болып саналды, ал оның жетекшілері халық жауы ретінде қудағалаушылық пен репрессияларға ұшырады.
1920 жылы Ә.Ермеков ҚасССР Центрисполком мүшесіннің қызметінде Мәскеуге іссапармен жіберіледі, мында ол В.И.Ленин басшылығымен болған отырыста Қазақстан жағдайы жөнінде баяндама жасайды. Республика шекарасы жөнінде шиеленіскен пікірталас барысында Қазақстанға Ресейдің иелігінде болған өте маңызды территорияларды қайтаруға іске асты. Олардың ішінде Коростыль жазығы, Семей, Ақмола облыстары және Каспий теңізінің солтүстік жағалауы болды. Бүгінгі күндерде осы территориялардың үлкен маңызы бар: Ақмола облысында Республикамыздың астанасы – Астана, ал Каспий жағалауында мұнай мен газдың негізгі қорлары орналасқан.
Сол 1920 жылы Әлімхан Ермеков ВЦИК-тағы Өлке басқару алқасының төрағасы болып тағайындалады. Томск технологиялық институтын бітірген соң тау-кен инженері дипломы мен геолог-барлаушы мамандығын алады.
1921 жылы Әлімхан Ермеков Қарқаралыда екі-деңгейлі мектеп және педагогикалық техникумды ашты. Бұл орта оқу орындарын болашақ ҚР ҒА академигі О.Жаутықов, корреспондент-мүше А.Сенбаев, генерал-майор К.Бошаев және тағы басқалары бітірді.
1925 жылы Ермеков Семей қаласына шақырылып, Оренбугртағы Қазақстан Мемлекеттік жоспар төрағасының орынбасары болуға тағайындалып, сонымен қатар өнеркәсіп бөлімін басқарады.
1926 жыдан бастап жоғары кәсіби мамандар ішінен ол Ташкент ЖОО-сында (жоғары педагогикалық институт), сосын Алматы ЖОО-ларында жұмысқа тартылды. Ол Қазақ Педаггикалық Университетінде, Алматы зооветинституты және басқаларда математика кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді, ғылыми атағы – доцент болды.
1935 жылы КСРО ЖАК оған математика және теоретикалық механика профессор атағын берді. Алматы тау-кен металлургиялық институтта ол жалпытехникалық факультетінің деканы болды. Сол уақытта Ермеков ғылыми математикалық терминология мен математика пәні бойынша қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын құрумен айналысқан. 1937 жылы күзде репрессия толқыны Алматыға да келді. Ермековтың достары – профессор Асфендияров, композитор Жұбанов, ағартудың халық комиссары Жүргенев тұтқындалды. Жоғары білімді маман, көп еуропалық тілдердің білгірі, математиканың үздік оқытушысы Ермеков Мәскеуге кетіп, Куйбышев жоспарлық институттың математика кафедрасының меңгерушісі қызметіне бағытталады. Ол сол жерде 1938 жылдың наурыз айына дейін жұмыс істейді. Бірақ жала салдарынан сол жылы тұтқынға 58 бап бойынша алынып, он жылға сотталады, бірақ жазаны алты жылға дейін қысқартады. Ұлы Отан соғысына байланысты лагерьде тоғыз жыл 1947 жылға дейін ұстайды.
1948 жылы қайта он жылға тұтқындалады. Бұл тұтқындаудың үшінші толқыны болды. Тұтқынға дәрігерлер, суретшілер, жазушылар, мұғалімдер алынды. Оларды Сталин қайтыс болған соң 1955 жылы екі жылдан кейін босатты. 1955 ж., қазан айының 20-нан №3671 анықтамасында А.Ермеков босатылғаны және Қарағандыға тұратын мекеніне бағаны мәлімденген. 1955 жылдан бастап Қарағанды Политехникалық институтында қызмет атқарды. 1958 зейнетке шықты. Қазақстанның қалыптасуына зор үлес қосқан тұңғыш математиканың қазақ профессоры толық ақталып, өз құқықтарын қалпына келтірді.
Біздің қаламызда көше, мамандандырылған Кітап Үйі , Ағадырдағы №131 орта мектебі Ә.Ермековтың атымен аталған.
1998 жылы Ақтоғайда, Ә.Ермековтың туған жерінде жерлес-«Алаш-Орданың» белсенді жетекшілеріне: Әліхан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаевқа ескерткіш ашылған.